Дзюдо
Кеше 15:52

Ташкенттегі Grand Slam турниріне баратын дзюдошыларымыз іріктелді

©

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Ташкентте (Өзбекстан) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.

Аталған байрақты бәсекеде ел намысын 14 балуан қорғайды. Ұлттық құрама тізімі төменде көрсетілген.

Ерлер:

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар

66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов

73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин

81 келіге дейін: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді

90 келіге дейін: Барақ Арқабай

100 келіге дейін: Бақжан Байтас, Бейбіт Мәдеев

100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев

Әйелдер:

78 келіден жоғары: Назгүл Маратова

Айта кетейік, ұлттық құрама тізіміне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Grand Slam 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport