Ташкенттегі Grand Slam-ға баратын қазақстандық дзюдошылардың тізімі шықты

Өзбекстанның Ташкент қаласында кезекті Grand Slam жарысы өтеді. Жарыста әлем жұлдыздары өнер көрсете ме? Дзюдодан Қазақстан құрамасы маусымды қалай бастады. Толығырақ Olympic.kz материалында.
Өзбекстанның Ташкент қаласында кезекті Grand Slam жарысы өтеді. Жарыста әлем жұлдыздары өнер көрсете ме? Дзюдодан Қазақстан құрамасы маусымды қалай бастады. Толығырақ Olympic.kz материалында.
Қазіргі таңда Өзбекстанда өтетін турнирге 23 елдің дзюдошылары қатысуға өтініш білдірді. Қатысушылар тізіміне төрт құрлықтан 246 спортшы енді.
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы аталмыш жарысқа қатысатын спортшылардың есімін атады. Тізімге 20 дзюдошы енді. Турнирге қатысатын спортшылардың тізімі:
Ерлер құрамасы:
- Әлжан Нұрәділ (60 келі)
- Мағжан Шамшадин (60 келі)
- Бомша Ердәулет (66 келі)
- Ержан Еренғайыпов (66 келі)
- Есет Қуанов (73 келі)
- Бақытжан Әбдірахманов (73 келі)
- Абылайхан Жұбаназар (81 келі)
- Айдар Арапов (90 келі)
- Ермахан Әнуарбек (90 келі)
- Мәдиев Бейбіт (-100 келі)
- Марат Байқамов (-100 келі)
- Еламан Ерғалиев (+100 келі)
Әйелдер құрамасы:
- Ғалия Тыныбаева (48 келі)
- Диана Буркеева (-48 келі)
- Құндыз Жылқыбай (52 келі)
- Бақыт Құссақбаев (57 келі)
- Есмигул Куолова (63 келі)
- Кристина Сотникова (70 келі)
- Аруна Жангелдина (-78 келі)
- Назгүл Маратова (+78 келі)
Жалпы қазақстандық дзюдошылар үшін маусым сәтсіз басталды. Алғашқы кезең 1-2 ақпан аралығында Парижде өткен болатын. Алайда, бұл турнирге ұлттық құрама қатыспады. Содан кейін, 14-16 ақпан аралығында Әзірбайжанның Баку қаласында өткен еді. Бұл додада қазақстандықтар жоғары нәтиже көрсете алмады.
Жарнама