Дзюдо
21 мамыр 2025 08:28
 

Сметов әлем чемпионатында неге Қазақстан үшін күреспейтіні айтылды

  Пікірлер

blog.share

Сметов әлем чемпионатында неге Қазақстан үшін күреспейтіні айтылды ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның дзюдо құрамасы Будапештте (Венгрия) өтетін әлем чемпионатына баратын құрамның алдын ала тізімін жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстанның дзюдо құрамасы Будапештте (Венгрия) өтетін әлем чемпионатына баратын құрамның алдын ала тізімін жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың құрамға кірмегендігі туралы пікір білдірді. 

Сметов неге Қазақстан құрамасы үшін өнер көрсетпейді?

Спортшы қалпына келу мен өзін-өзі дамытуға уақыт бөлу үшін осы әлем біріншілігіне қатыспайтын болып шешіпті. 

"Сметов Париждегі жеңісінен кейін татамиге оралған жоқ. Танымал спортшы қалпына келу мен өзін-өзі дамытуға уақыт бөлетін болып шешті. Сонымен қатар, ол 2028 жылғы Олимпиадаға дайындалатынын жоққа шығармайды", — деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Ал 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қыргызбаев қалпына келіп үлгеріп, құрамға кірді. Әйелдер құрамында Париж Олимпиадасына қатысқан Әбиба Әбужақынова да бар.

Дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі:

Ерлер:

60 кг дейін: Мағжан Шамшадин және Шерзод Давлатов
66 кг дейін: Ғұсман Қыргызбаев
73 кг дейін: Есет Қуанов
81 кг дейін: Абылайхан Жұбаназар
90 кг дейін: Мейірлан Максим
100 кг дейін: Нұрлыхан Шархан және Марат Байкамуров
100 кг артық: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

48 кг дейін: Әбиба Әбужақынова және Ғалия Тынбаева
57 кг дейін: Бақыт Қосақбаева
63 кг дейін: Эсмигуль Куюлова

Айта кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионаты 13-19 маусым аралығында өтеді. Сонымен қатар, турнир аясында командалық сайыстар да ұйымдастырылады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!