Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов өз карьерасындағы шешуші финал туралы айтып берді және 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отырғанын растады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, Елдос Сметов 2024 жылы Франция астанасы Парижде өткен Олимпиада ойындарында алтын жеңіп алды. Шешуші белдесуде қазақстандық спортшыға жарыс қожайыны, франциялық дзюдошы қарсылас болды.
Финал жоғары мәртебелі қонақтардың назарында өтті: трибунада Франция президенті Эммануэль Макрон отырды, ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белдесуді онлайн режимде тамашалады.
"Бұл өте әсерлі жағдай болды. Барлық зал франциялықты қолдады, бірақ, мен өзімді керемет сезіндім және мұндай атмосфераға қуандым. Менің жеңілуге құқым жоқ екенін білдім", – деді Сметов Халықаралық дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне.
Олимпиадалық цикл аяқталғаннан кейін Сметов біраз үзіліс алған болатын, бірақ енді ол қайтадан толық дайын екенін айтты.
"Олимпиададан кейін демалдым. Енді келесі Олимпиадаға қатысу туралы шешім қабылдадым", – деді Елдос.
Жарнама