Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Азия ойындарының ширек финалында атақты балуанды жықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
100 келі салмақта белдесетін Нұрлыханның 1/4 финалдағы қарсыласы жапониялық Аарон Вольф болды.
Вольф - 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегері, сонымен қоса, әлем чемпионы (2017), Азия чемпионы (2021) және 2019 жылғы ӘЧ-нің қола жүлдегері.
Бұл белдесуде Нұрлыхан жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті. Алайда жартылай финалда қазақстандық балуан өзбекстандық Музаффарбек Туробоевқа есе жіберді де, енді қола жүлде үшін белдеседі.