Өзбекстандықпен белдесті. Қазақстан дзюдошы Азиядада қоржынға төртінші жүлде салды

©Olympic.kz, Сали Сабиров

Қазақстандық бұрымды дзюдошы Эсмигүл Куюлова Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

63 келі салмақта қазақстандықтың қарсыласы өзбекстандық Севинч Исокова болды. Есеп 1:1 болып тұрғанда Куюлова жеңісті golden score арқылы жұлып алды. 

Бұл Қазақстан қоржынына түскен төртінші жүлде: мұның алдында Әбибә Әбужақынова және Мағжан Шамшадин дзюдодан күміс және қола иеленді.  Никита Чирюкин 25 метр қашықтықта жылдам ататын тапаншамен сайыста қола жеңіп алған болатын.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар