Қазақстандық бұрымды дзюдошы Эсмигүл Куюлова Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
63 келі салмақта қазақстандықтың қарсыласы өзбекстандық Севинч Исокова болды. Есеп 1:1 болып тұрғанда Куюлова жеңісті golden score арқылы жұлып алды.
Бұл Қазақстан қоржынына түскен төртінші жүлде: мұның алдында Әбибә Әбужақынова және Мағжан Шамшадин дзюдодан күміс және қола иеленді. Никита Чирюкин 25 метр қашықтықта жылдам ататын тапаншамен сайыста қола жеңіп алған болатын.