Өзбекстанды жеңген Қазақстан Азия чемпионатының жүлдегері атанды
©Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
Қазақстандық дзюдошылар командалық есепте дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық дзюдошылар командалық есепте дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Үшінші орын үшін күресте Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс ұпайын Камила Берліқаш әкелді - оның қарсыласы татамиге шыққан жоқ.
Айта кетейік, Қазақстан 2022 жылы Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Азия чемпионатының медальдар есебінде төртінші орын алған. Команда қоржынында бір алтын, екі күміс және бес қола медаль бар.
Жарнама