Өзбекстандық дзюдошы Диёра Келдиёрова екі жылдық үзілістен кейін татамиге оралады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы және әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері ресми жарыстарға қайта қатысады.
Өзбекстан өкілі 17-18 қазанда Ақтауда өтетін Aktau Asian Open 2026 халықаралық турниріне қатысуға өтінім берді. Келдиёрова өзіне үйреншікті 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.
Өзбекстандық дзюдошы үшін бұл 2024 жылғы Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы ресми жарыс болмақ. Нақтылай кетсек Келдиёрова сәбиін дүниеге әкелгеннен кейін алғаш рет татамиге шығады.