Дзюдо
23 маусым 15:18
 

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ота жасатты

  Пікірлер

blog.share

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ота жасатты ©ҚР ҰОК

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов иығына ота жасатты, - деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов иығына ота жасатты, - деп хабарлайды Vesti.kz

1bol.kz ақпараты бойынша, ота жасатқанын спортшының жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев те растаған. Ал Елдостың өзі де instagram парақшасында ауруханадағы суретін жариялады. 

«Ал 2028 Лос-Анджелес күт бізді, тарих жасауға келеміз», - деп жазба қалдырды.

Бұған дейін Елдос Сметовтың жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің денсаулығында емдейтін тұстары бар екенін айтқан еді.

Жеке бапкерінің айтуынша Елдос Сметов жарақатынан толық сауыққан соң 2025 жылдың соңында татамиге оралады.

Айта кетейік, Елдос Сметов ел тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған спортшы. Сондай-ақ күміс және қола жүлде де иеленген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!