"Ол да Парижге барады". Әбиба Әбужақынова сүйіктісі туралы айтты

©Emanuele Di Feliciantonio/ijf.org

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова алғаш рет сүйіктісі туралы айтты, деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы ол "Өмір көркем" бағдарламасында бөлісті. 

"Жеке өмірім қазір тыныш. Әлеуметтік желіде сұрап жатады, бірақ жауап қайтармаймын. Жеке өмірім құпия болғанын қалаймын. Жасыратын ештеңе жоқ. Менде қазір тек спорт, Олимпиадаға дайындалып жатырмыз. Жарты жылдан аз уақыт қалды. Бүкіл ойымды спортқа арнап жатырмын. Жарысқа барған соң, міндетті түрде алтын әкелу керек. Париждегі Олимпиадаға ең үздіктері барады. Болашақ күйеуім бұйырса барады. Ол да спортшы, дзюдошы, есімі - Руслан Мұсаев. Ол да Париждегі Олимпиадаға бірге барады", - дейді ол. 

Еске салайық, дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ханчжоудағы өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленгені хабарланған еді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар