Нұр-Сұлтанда дзюдо орталығы ашылды

© olympic.kz
Бүгін, 2 ақпан күні Нұр-Сұлтанда «Сарыарқа» велотрегінде дзюдо орталығы ашылды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков пен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Пернешұлы Қожамжаров қатысты.

«Бүгінгі ашылып отырған дзюдо орталығында 6 жастан 17 жасқа дейінгі балалар жаттығатын болады.

Аталған спорттық көпфункционалдық кешен әлемдік стандарттарға сай. Осы жерде дзюдодан ҚР Ұлттық құрама команданың оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.

«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті және Халықаралық дзюдо федерациясымен бірлесіп, еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар 3 қалада 5 жастан 12 жасқа дейінгі балалардың дзюдо спортымен тегін айналысуына арналған 20 спорттық секция ашты.

Федерация өз кезегінде, спорттық залдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етті. Атап айтсақ, татами, кимоно беріліп,  дзюдодан жаттықтырушыларды берді.

Қазіргі таңда Қазақстанда   2 582 секцияда 87 293 адам дзюдомен айналысады. Нұр-Сұлтан қаласында 63 секцияда 6 358 адам осы спортпен шұғылданады», деп атап өтті ұлттық федерация президенті Қайрат Қожамжаров.

Айта кетерлігі, жаңадан ашылған дзюдо орталығында 120-дан астам дзюдошы жаттығады.

Қазір негізгі залдың көлемі 410,4 шаршы метрді құрайды. Бұл бір мезетте 100 адамның емін-еркін дайындалуына мүмкіндік береді. Ал, орталықтың жалпы аумағы 721,2 шаршы метрді алып жатыр. Бұл жерге киім ауыстыратын және басқа да бөлімдер кіреді.
Метки:
Жаңалықтар