"Марқұм жан құрбыма арнаймын". Қазақстандық дзюдошы Азияда жүлдесі жайлы

©ҚР ХОК

Ханчжоудағы Азия ойындарында дзюдодан күміс жүлде иеленген Әбиба Әбужақынова жүлдесін жол апатынан қаза тапқан құрбысының рухына арнайтынын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.  

"Бұл жүлдені жан құрбыма арнаймын. Жақында ғана қырқы өтті, сонда болып, осында келдім. Интернатта бірге оқыдық", - дейді Әбиба Әбужақынова.

Еске салайық, Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ханчжоудағы өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленгені хабарланған еді. 

48 келіге дейінгі салмақта отандасымыз финалда жапон қызы Нацуми Цунодамен кездесті. Үш дүркін әлем чемпионына қарсы белдесуде Әбиба қарсыласына жол берді. Қазақстандық спортшыға көзінің астындағы жарақаты да әсер етті. Ол медициналық көмекке де жүгінді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар