Қырғызбаев жекпе-жекке қатыспай-ақ Азия чемпионатының жүлдегері атанды

©dk.kz

66 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Нұр-сұлтан қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медальға ие болды.

Отандасымыз жекпе-жекке Қырғызстаннан келген Қуанышбек Айбек Уулумен кездесуі керек еді, бірақ, қолын сындырған спортшы жекпе-жекке шықпады.

Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев жекпе-жексіз-ақ қола медаль иегері атанды.

Еске салайық, бұл жүлде Қазақстан қоржынында үшінші. Бұған дейін Абиба Әбужақынова дзюдодан Азия чемпионатының күміс, ал Мағжан Шамшадин қола жүлде иегерлері атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар