auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Құрамаға өзгерістер керек немесе дзюдодан ӘЧ-дегі сәтсіздікке қатысты сарапшы пікірі

Құрамаға өзгерістер керек немесе дзюдодан ӘЧ-дегі сәтсіздікке қатысты сарапшы пікірі
©olympic.kz

2022 жылдың 6 мен 13 қана аралығы Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл турнирде біздің құрама қоржынға тек екі қола ғана салды. Ерлер құрамасы арасында жалғыз жүлдені Елдос Сметов жеңіп алды.

Осыған байланысты Қазақстан біріншілігінің жүлдегері, қазірде Judoworld7 парақшасының бас сарапшысы, Желдікбай Алижан құрамадағы жағдайды саралап көрді:

Сметов неше жыл бойы ұлттық құраманы сүйреп жүр. Ал Елдос жасарып келе жатқан жоқ, сондықтан біздің құраманың болашағы туралы ойлану керек.

Құраманың басқа мүшелері туралы айтсақ, Ерасыл Қажыбаев әлемдік аренада, соның ішінде әлем чемпионатында бірнеше жыл қатарынан нәтижелерге қол жеткізе алмай жүр. Сонымен қоса, Ислам Бозбаевқа келсек, өз кезеңінде өте жақсы күрес көрсетті, үлкен биіктерге қол жеткізді. Алайда Ислам да жасарып жатқан жоқ, біз оны соңғы күресінен түсінсек болады, сондықтан жас отандастарға орын беру қажет.

Тағы бір палуанымыз Дидар Хамзаға келсек, ол әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті. Оған мінез бен сәттілік үлесі жетіспеді. Жаңа салмақта алғаш рет әлем чемпионатында күресті деп, түсінуге болады. Сондықтан оған тағы біраз уақыт беру керек сияқты.

Ал Ғұсман Қырғызбаевқа жеребе сәтсіз түсті, бірақ, оған қарамастан ол жақсы күрес көрсетті. Алайда бұл салмақта әлемдік аренада дүрбелең тудыруы мүмкін көптеген жас жігіттеріміз бар. Мысалы, Амангелді Ермек. 22 жастағы Ермек бірнеше ашық кубоктарды алып үлгерді.

Бұл айтылған спортшылардың барлығы ұлттық құраманың негізі, алайда, құрамадағы жас жігіттерді біраз сүйреу керек.

Дегенмен құрамада бәрі жаман емес. 22 жастағы Жұбаназар Абылайхан атақты голландиялық Фрэнк Де Вейтпен белдесті. Бұл спортшымызды болашақта әлі тұғырдан көре аламыз.

Шерхан Нұрлыхан өзінің салмағында бойы аласа болғанын қарамастан, бірден екі жекпе-жекте жеңді де, келесі айналымда турнирдің қола жүлдегері әзірбайжандық Котсоев Зелимге се жіберді.

Шамшаев Данияр, қазіргі Азия чемпионы бірінші айналымда жеңіске жетті, алайда, екінші кезеңде Данияр тәжірибе жетіспеушілігіне байланысты кореялық Ванг Джиуоптан жеңілді.

Осындай нәтижелерге қарамастан, біз болашақта құраманың жас өкілдері Қазақстанды әлемдік аренада қуантады деп үміттенеміз.

Егер турнирді қорытындылап, талдайтын болсақ: бұл апатты жағдай, Қазақстан құрамасы қазіргі таңда әлсіз. Алайда, болашақта біраз уақыт өткеннен кейін, тәжірибе жинай отырып, олар өздерін әлемдік аренада көрсете алады деп сенеміз.

Егер біз ұлттық құраманың тәжірибелі спортшылар туралы айтатын болсақ: спортшылар осал емес, бірақ, турнирде байқағанымыз: аталған споршылардың белдесетін жас аяқталуға таяды, олардың жаттықтыратын уақыты келген сияқты.

Алайда әрине бұл бір жақты проблема емес, мәселені жан жакты зерттеу қажет сияқты, яғни проблема жалғыз біздің спортшыларда ғана емес, 2018 жылғы Азияда жұлдегері Елдос Жұмақанов айтқандай: "Мен тек бірнеше себептерді атаймын. Ұлттық құрамада дәрумендер жоқ. Егер балуандар жарақат алса, олар өз қалтасынан емделеді. Ал жарыста жеңілсе, оларды жалақы төлемей қоямыз деп қорқытады". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама