Дзюдо
Бүгін 18:15

Қазақстанның жас дзюдошылары әлем чемпионатыннда екі жүлде алды

©

Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Бағдарламаның соңғы жарысы аралас командалық бәсеке болды. Қазақстан құрамасы бірінші айналымда Жапониямен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бұл жарысты бір алтын, бір қола жүлдемен аяқтады.

Санжар Еруланұлы 100 келіге дейінгі салмақта топ жарса, Асқар Біржанов үшінші орын алды. 

Сондай-ақ 100 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов жүлдеге бір қадам жетпей, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Командалық есепте Қазақстан жетінші орынға жайғасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport