Бүгін, 28 қараша Абу-Дабиде Олимпиадаға ұпай беретін дзюдодан Grand Slam турнирі басталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін татамиге Қазақстан құрамасы сапынан бірінші болып Нұрқанат Серікбаев шықты. 66 келіге дейінгі салмақта белдесетін Нұрқанаттың бірінші қарсыласы канадалық Жульен Фраскадор болды. Бұл белдесуде Серікбаев жеңіске жетіп, екінші айналымға өтті. Енді келесі белдесуде ол испаниялық Гарсия Торнемен күш сынысады.
Қазақстан бұл турнирде 14 балуан алып келді:
Ерлер
60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев
73 келіге дейін: Есет Қуанов
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай
90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков
100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев
Әйелдер
48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова
57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева
63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова.
Айта кетейік, бұл турнирдің жеңімпазы 1000, екінші орын үшін 700 және үшінші орынға 500 балла алады.