Дзюдо
Бүгін 17:03
 

Қазақстандық жас дзюдошылар Гран-при кезеңінде бес жүлде алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық жас дзюдошылар Гран-при кезеңінде бес жүлде алды ©ҚР ҰОК

Ташкентте (Өзбекстан) кадеттер арасында дзюдодан Гран-при кезеңі өтіп жатыр.

blog.share

Ташкентте (Өзбекстан) кадеттер арасында дзюдодан Гран-при кезеңі өтіп жатыр.

Аталған бәсекеде ұлттық құрама спортшылары бес медаль жеңіп алды.

Әдия Жанахмет 40 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей алтын медаль жеңіп алды.

Ернат Кеңесбек (55 келіге дейін) және Аслан Ерғалиев (60 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Ал Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) және Ерік Үсенов (66 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!