Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа кубогінде алты жүлде иеленді

©fdk.kz

Дзюдодан Хорватия елінің астанасы Загребте ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы аяқталды. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бұл турнирде 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы сапынан Ерхан Марат (50 келі) пен Сабина Юлдашева (48) жарыс жеңімпаздары атанса, Оралбек Байзақ (55 ) күміс жүлдеге ие болды. Ал Нұрсұлтан Ысқақов (60), Еділ Ерболұлы (60) мен Досбол Балғабай (81) Қазақстан қоржынына үш қола жүлде салды.

Айта кетейік, аталған жарыс Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық додасы болып саналады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар