Дзюдо
Бүгін 17:57

Қазақстандық жас дзюдошы Еуропа кубогында күміс жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Бейбарыс Сұлтан Прагада (Чехия) өткен жастар арасындағы Еуропа кубогында күміс жүлдегер атанды.

Отандасымыз 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.

Бейбарыс ақтық сында әзірбайжандық Рамазан Ахмадовпен белдесіп, қарсыласына жол берді. Осылайша жарысты екінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, жастар арасындағы Еуропа кубогына 33 елден 455 дзюдошы қатысты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport