Дзюдо
28 тамыз 12:28

Қазақстандық жас дзюдошы әлем чемпионатында жүлде жеңіп алды

©Халықаралық дзюдо федерациясы

Қазақстандық балуан Арман Мыса дзюдодан Болгарияның София қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақта ел намысын сәтті қорғады.

Арман қола медаль үшін өткен белдесуде венгриялық Милан Цабоны сенімді түрде жеңді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 30 тамызға дейін жалғасады. Жарысқа әлемнің 71 елінен 551 спортшы қатысуда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport