Дзюдо
4 шілде 16:16

Қазақстандық дзюдошылар соңғы дайындықты Испанияда өткізіп жатыр

©

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Испанияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп жазады Olympic.kz.

Қазіргі таңда Нұрбол Сүлейменов шәкірттері соңғы дайындықтарын пысықтауда. Содан соң дзюдошылар Францияны бетке алады. 

Еске сала кетейік, дзюдодан Қазақстан командасынан 8 спортшы Олимпиадаға қатысады. 

Олар: Елдос Сметов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Нұрлыхан Шархарн (100 келі), Абиб Әбужақынова (48 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі), Камила Берліқаш (+78 келі).
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport