Дзюдо
Бүгін 09:28

Қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы атанды

©ҚР ҰОК

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын жеңіп алды.

Финалда отандасымыз Португалия өкілі София Гаспармен кездесті.

Нәтижесінде Сұпығалиева иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ақтық белдесу 2 минут 33 секундта аяқталды.

Осылайша Фатима Дакардағы Олимпиадада ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтынды салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport