Дзюдо
Бүгін 19:52

Қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер Олимпиадасының алтыны үшін белдеседі

©olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының финалына өтті. 

Отандасымыз жарыстың жартылай финалында сәтті өнер көрсетті.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алу үшін өткен белдесуде Фатима словакиялық Вивьен Вадовицовамен кездесті.

Қазақстандық дзюдошы қарсыласын иппонмен мерзімінен бұрын жеңіп, шешуші белдесуге жолдама алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport