Дзюдо
Бүгін 16:03

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының үшінші айналымына өтті

©ҚР ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды.

81 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз алғашқы екі кездесуінде жеңіске жетіп, ширек финалға шығу үшін бақ сынайды.

Жалғас Қайролла түркиялық Эрман Гюргенді жеңіп, жарысты сәтті бастады. Одан кейін Бахрейн атынан сынға түскен Аскербий Гербековтен басым түсті.

Келесі белдесуде ол сербиялық Михайло Симинмен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport