Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

©olympic.kz

Италияда дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі доданың бірінші күнінде Қазақстан қоржынына жүлде түсті, деп хабарлайды Olympic.kz

Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені 60 келі салмақта сынға түсетін Шерзод Давлатов салды. Ол қола үшін белдесуде өзбекстандық Камолиддин Бахтиеровтен айласын асырды. 

Бұл салмақта алтын жүлде грузиялық Георгий Сардалашвилиге бұйырса, күміс жүлдені әзірбайжандық Туран Байрамов иеленді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар