Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының финалына шықты

Сурет: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жартылай финалда ол франциялық Валиде Хиярдан басым түсті. Ал финалда ресейлік Яго Абуладзамен күреседі.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп жатқан тағы бір балуанымыз Мағжан Шамшадин жартылай финалда қарсыласына есе жіберді. Нәтижесінде, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Кіші финалда оның қарсыласы әзірбайжандық Карамат Хусейнов болмақ.

Жарыстың финалдық кезеңі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де басталады. QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Метки:
Жаңалықтар