Дзюдо
Бүгін 17:39
 

Қазақстандық дзюдошы ӘЧ-дегі бірінші белдесуінде үш ескертумен жарыстан шығарылды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық дзюдошы ӘЧ-дегі бірінші белдесуінде үш ескертумен жарыстан шығарылды ©Сали Сабиров/ ҚР ҰОК

Қазақстандық Ансарбек Ғайнуллин Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан дзюдодан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды, деп жазады Sports.kz.

blog.share

Қазақстандық Ансарбек Ғайнуллин Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан дзюдодан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды, деп жазады Sports.kz.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/32 финалында Ғайнуллин франциялық Дайян Булемтафеспен белдесіп, үш "шидо" ескертуін алғаннан кейін дисквалификацияға ұшырап, жеңіліс тапты. Осылайша, қазақстандық спортшы жарыс жолын аяқтады.

IJF әлемдік рейтингінде Ансарбек Ғайнуллин 54-орында тұрса, Дайян Булемтафес 22-сатыда орналасқан.

Дзюдодан әлем чемпионаты Бакуде 4 қазанда басталып, 10 қазанға дейін жалғасады. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында бір ғана жүлде: 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов күміс жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!