Қазақстандық белгілі балуан ӘЧ-де жүлдеге іліге алмады

©olympic.kz

Қазақстандық белгілі дзюдошы, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері Ислам Бозбаев әлем біріншілігінде жүлдеге іліге алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін, 11 қазан Ташкентте өтіп жатқан турнирде 100 келіге дейінгі салмақтағы белдесулер өтіп жатыр. 

Бозбаев жарысты екінші айналымнан бастап, онда бразилиялық Рафаэль Бузакариниден жығылды. Бұл салмақта тағы бір қазақстандық Нұрлыхан Шархан бар екенін айта кетейік. 

Еске салайық, Қазақстан қоржынында қазір екі қола ғана бар. Оны Әбибә Әбужақынова мен Елдос Сметов жеңіп алған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар