Дзюдо
Бүгін 16:22

Қазақстан Тбилисидегі Grand Slam-ға бір салмақта екі дзюдошыдан апарады

© olympic.kz

Тбилиси қаласында (Грузия) дзюдодан Grand Slam сериясының кезекті турнирі өтеді.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жарысқа қатысушылардың алдын ала өтінімдерін жариялады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының сапында 12 спортшы бар.

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар

66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов

73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин

81 келіге дейін: Мәди Амангелді, Асқар Нарқұлов

90 келіге дейін: Барақ Арқабай

100 келіге дейін: Бақжан Байтас, Бейбіт Мадеев

100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев

Тбилисидегі Grand Slam турнирі 20-22 наурыз аралығында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport