Қазқастан құрамасы 26-28 маусым аралығында Қытайдың Циндао қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысатын дзюдошылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Құрама сапына Олимпиада чемпионы Елдос Сметов те енді. Бұл оның 2024 жылғы Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы ресми халықаралық жарысы болмақ.
Қазақстан құрамасының тізімі
Ерлер:
60 келі: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар
66 келі: Гусман Кыргызбаев
73 келі: Бахытжан Абдурахманов, Ерсұлтан Дүйсенхан
81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 келі: Айдар Арапов, Даниил Крылов
100 келі: Асқар Біржанов, Бақжан Байтас
Әйелдер:
48 келі: Абиба Әбужақынова
52 келі: Меруерт Сәрсенова
57 келі: Бақыт Құсақбаева
63 келі: Эсмигүл Куюлова
70 келі: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова
78 келі: Аруна Жангелдина, Екатерина Токарева
78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова, Назгүл Маратова
Елдос Сметовтің оралуы
Еске салайық, 10 мамыр күні Елдос Сметов Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 аясында татамиге қайта оралған болатын. Ол кезде Елдос белдесуге өзінің сегіз жастағы ұлы Омармен шығып, жас қарсыласына жол берген еді.
Енді қазақстандық дзюдошыны толыққанды ресми халықаралық турнир күтіп тұр.
Елдос Сметов Қазақстан тарихындағы ең атақты дзюдошылардың бірі саналады. Ол 2016 жылғы Олимпиадада күміс, 2020 жылғы ойындарда қола жүлде жеңіп алды. Ал 2024 жылғы Олимпиада ойындарында тарихи алтынды иеленіп, Қазақстан дзюдосына тұңғыш Олимпиада алтынын сыйлады.
Жарнама