Қазақстан Ханчжоуда 22-ші жүлде жеңіп алды

©olympic.kz

Қазақстандық парадзюдошы Зарина Райфова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

J2 санатындағы финалда 70 келіде өнер көрсететін Райфова ақтық айқаста қытайлық Ван Хон Юге есе жіберді.

Қазақстан үшін бұл Пара ойындардағы 22-ші жүлде және жетінші күміс. Құрама қоржынында бұдан басқа бес алтын мен он қола бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар