Дзюдо
2 наурыз 19:32

Қазақстан дзюдошыларының бәрі Ташкенттегі Grand Slam-нен құр қол қайтты

©

Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан Grand Slam ірі халықаралық турнирі аяқталды.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста жүлде ала алмады.

Финалдық кезеңге дейін тек Ерасыл Қажыбаев жетті. Ол 100 келіден жоғары салмақта қола медаль үшін белдесті.

Алайда жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Қазақстандық балуан әзірбайжандық Джамал Гамзатхановқа жол берді.

Айта кетейік, ұлттық құраманың келесі жарысы 6-8 наурыз аралығында Австрияда өтетін Гран-при турнирі болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport