Дзюдо
Бүгін 18:32

Қазақстан дзюдодан Еуропа кубогында бес жүлде алды

©

Қазақстан дзюдодан Гори қаласында (Грузия) өткен Еуропа кубогында бес жүлде жеңіп алды.

Ұлттық құраманың қоржынына бір күміс және төрт қола жүлде түсті.

78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Толқын Тұрсынақынова күміс медаль иеленді.

Ал қола жүлдеге Қанат Сейілхан (66 келіге дейін), Сымбат Тағай (48 келіге дейін), Аяулым Қалмырза (57 келіге дейін) және Карина Такиева (78 келіден жоғары) қол жеткізді.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан сегізінші орынға тұрақтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport