Баку қаласында (Әзірбайжан) ересектер арасында дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды.
Аталған дүбірлі додада ұлттық құрама сапында ең үздік нәтижені Шерзод Давлатов көрсетті. Отандасымыз 60 келі салмақта күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ Абылайхан Жұбаназар 81 келіде қола жүлде үшін белдескен болатын. Дегенмен қарсыласына жол беріп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Соңғы жарыс күнінде аралас командалар арасында бәсеке ұйымдастырылды. Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Францияға қарсы татамиге шықты. Нәтижесінде франциялықтар 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша ұлттық құрама әлем біріншілігін бір медальмен аяқтады.
Жарнама