Қазақ дзюдошының халықаралық турнирдегі "алтын айқасының" видеосы

© ijf.org. Sabau Gabriela
Кеше, 25 қазанда қазақ дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев БАӘ-де өтіп жатқан "Үлкен дуылға" сериясындағы турнир жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы Қырғызбаев 60 келіге дейінгі салмақта белдесіп, ақтық сында 24 жастағы франциялық Валида Хярдан "вазари" есебімен басым болды.

Назарларыңызға ақтық сындағы белдесудің видеосын ұсынамыз:



Осы салмақта өзге қазақ балуаны Елдос Сметов те өнер көрсетті, алайда, ол қола жүлде үшін белдесуде ресейлік Яго Абуладзеден жеңілді.

"Үлкен дуылға" (Grand Slam) - дзюдодан сегіз турнирден тұратын серия. Абу-Дабиде жетінші кезеңі өтіп жатыр. Ал соңғы сегізінші турнир 22-24 қараша Жапонияның Осака қаласында өтеді.
Метки:
Жаңалықтар