auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақ дзюдошы Өзбекстанда қандай кедергілерге тап болғанын ашық айтты

Қазақ дзюдошы Өзбекстанда қандай кедергілерге тап болғанын ашық айтты
©olympic.kz

Дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін күміс жүлдегері Абиба Абужақынова Қазақстанға не үшін қоныс аударғанын айтты. Ол Хабар арнасының "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатында Өзбекстандағы жарысы туралы ағынан жарылды.

Спортшының айтуынша, ол қанша рет чемпион болса да додалы жарыстарға қазақ болғаны үшін шығармаған.

"Мен ол жақта 13, 14, 16 жастағы жастар арасындағы чемпионаттарды ұттым. Бірақ мені шығарған жоқ, себебі қазақ болдым. Ақшалай жарыстарға алып шыққан жоқ. "Өзің төлеу керексің" деп айтты. Мен отбасында жалғыз қыз емеспін, екі әпкем, бір інім бар. Әпкем ағылшынға қатысады, екінші әпкем мед колледжде оқитын еді. Оның да химия сияқты қосымша сабақтары болды. Мен спорт саласын таңдадым, маған басында қатты көңіл бөлген жоқ. Жарыстарға сол үшін барған жоқпын. Өзбекстан Республикасы, Өзбекстан чемпионаты қазақ қызы болғаным үшін ақша берген жоқ, чемпион болсам да алып шыққан жоқ", - деді спортшы.

Ол осы жағдайдан соң отбасы Қазақстанға қоныс аударуға шешім қабылдағанын айтты.

"Содан соң мамам: "Қазақстанға қоныс аударамыз, Қазақстан атынан шығасың" деп айтты. Мамамның шешімі бойынша қоныс аудардық. "Сен дзюдоны қатты жақсы көрсең, сен үшін барамыз" деді. Сөйтіп, 2013 жылы Шымкентке келдік", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатындағы қысым туралы айтқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама