Қазақ балуан дзюдодан әлемдік "Үлкен дуылға" сериясындағы турнирде жеңіске жетті

© olympic.kz
Қазақ дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Біріккен Араба Әмірліктерінде өтіп жатқан "Үлкен дуылға" сериясындағы турнир жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы Қырғызбаев 60 келіге дейінгі салмақта белдесіп, ақтық сында 24 жастағы франциялық Валида Хярдан "вазари" есебімен басым болды. 

Осы салмақта өзге қазақ балуаны Елдос Сметов те өнер көрсетті, алайда, ол қола жүлде үшін белдесуде ресейлік Яго Абуладзеден жеңілді. 

"Үлкен дуылға" (Grand Slam) - дзюдодан сегіз турнирден тұратын серия. Абу-Дабиде жетінші кезеңі өтіп жатыр. Ал соңғы сегізінші турнир 22-24 қараша Жапонияның Осака қаласында өтеді.
Жаңалықтар