Қазақстандық дзюдошы Мейірлан Максим Будапештегі Әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Отандасымыз 2024 жылғы әлем чемпионы — жапондық Гоки Тадзимаға қарсы белдесу кезінде белсенді күрес көрсетіп, екі «шидомен» жеңіп жатқан сәтте жарақат алып қалды. Нәтижесінде қарсыласы иппонмен жеңіп кетті.
Мейірлан жапон дзюдошысына дейін француз және доминикандық дзюдошылардан айласын асырған болатын.
Айта кетейік, ертең жарыстың алтыншы күнінде 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрлыхан Шархан мен Марат Байқамұров татамиге шығады.
Жарнама