Дзюдо
18 ақпан 2021 22:18

Ғұсман Қырғызбаев Израильде Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Сурет: Olympic.kz
Израильдің Тель-Авив қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ғұсман кіші финалда украиналық Артем Лесюкпен кездесті, "ваззари" ұпайымен жеңіске жетті.  Тель-Авив татамиіндегі доданы Қырғызбаев екінші айналымнан бастаған болатын.

Алдымен бразилиялық Аллан Кувабараны ұтқан ол кейін әзірбайжандық Давуд Маммадсойға есе жіберді.  Жұбаныш белдесуінде қазақстандық дзюдошы Израиль өкілі Мата Коколаевтан басым түсті. 

Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев отандық дзюдошылардың жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ, дзюдодан Қазақстан командасы бас бапкер ауысқалы бері алғаш рет тұғыр биігіне көтерілуде.