Ғұсман Қырғызбаев Елдос Сметов өнер көрсететін салмаққа ауысты

©olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев еліміздегі танымал дзюдошылардың жаңа салмақ дәрежесіне ауысқанын мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.  

"Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмаққа ауысады. Бұл салмаққа Елдос Сметовтің де өтетінін айттым. Бұл жігіттердің ең басты бәсекелестері – шетелдік дзюдошылар. Ал өзара бауыр болып кеткен.

Бұған дейін 66 келіде белдескен Ерлан Серікжанов 73 келіге ауысты. Бұл салмақта Жансай Смағұлов барын білесіздер. Ал 90  келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ислам Бозбаев 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайды", - деді бапкер.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар