Бүгін, 28 қарашада Абу-Дабиде басталған дзюдодан Grand Slam турнирінде татамиге Ғұсман Қырғызбаев шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
66 келіде белдесетін Ғұсманның бірінші қарсыласы мексикалық Джара Робин болды. Бұл белдесуде Қырғызбаев жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті.
Сурет: Айдос Балтабай
Бұған дейін тағы бір қазақстандық балуан Нұрқанат Серікбаев бірінші айналымда жеңіске жеткен болатын.
Сонымен қатар, бұрымдылар арасында Бақыт Құсақаева бірінші айналымда испаниялық Родригез Сальвадордан жеңіліп қалды.
Сурет: Айдос Балтабай
Еске салайық, Қазастан бұл жарысқа 14 дзюдошы алып келді:
Ерлер
60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев
73 келіге дейін: Есет Қуанов
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай
90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков
100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев
Әйелдер
48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова
57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева
63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова.
Айта кетейік, бұл турнирдің жеңімпазы 1000, екінші орын үшін 700 және үшінші орынға 500 балла алады.