Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалдық кезеңінде өнер көрсетті.
Талғат 60 келі салмақтың қола жүлдесі үшін отандасы Елдос Сметовпен белдесті.
Белдесудің қорытындысы бойынша Талғат Орынбасар жеңіске жетіп, қола жүлдеге ие болды. Ал Елдос Сметов жарысты бесінші орынмен аяқтады.