auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Галбадрах Отгонцэцэг Еуропа кубогында топ жарды

48 кг салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Галбадрах жарысты екінші айналымнан бастады.

Қазақстандық дзюдошы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг Беларусь елінің астанасы Минскіде өтіп жатқан Еуропа кубогында топ жарды.

48 кг салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Галбадрах жарысты екінші айналымнан бастады. Алғашқы белдесуінде ресейлік Лилия Киселеваны ұтты. Жартылай финалда әзірбайжан спортшысы Айша Гурбанлыдан айласын асырды. Ал финалда ресейлік дзюдошы қыз Татьяна Аякинаны жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ осы салмақта татамиге шыққан тағы бір отандасымыз Әйгерім Төреғожина алғашқы кездесуінде осы Татьянадан жеңіліп жарысты аяқтады.

Ерлер арасында 66 кг салмақта Есет Қуанов финалда ресейлік Арам Григорянға жол беріп, күміс медаль иеленді.

Минскідегі додаға ұлттық құрама сапында 27 дзюдошы аттанған болатын. Ертең ерлер арасында 81, 90, 100 және +100 кг салмақ дәрежелерінде, әйелдер арасында 70, 78 және +78 кг салмақта жеңімпаздар анықталады.

Айта кетейік, Галбадрах Отгонцэцэг Еуропа кубогынан кейін Азия ойындарына қатысады. Сары құрлықтың басты додасында дзюдо жарыстары 25 тамыз күні басталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар