Дзюдо
27 қазан 2017 09:34
 
Галбадрах Отгонцэцэг Абу-Дабидегі "Grand Slam" турнирінде қола алды

  Пікірлер

blog.share

Галбадрах Отгонцэцэг Абу-Дабидегі "Grand Slam" турнирінде қола алды Prosports.kz

Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Біріккен Араб Әмірліктері елінің астанасы Абу-Дабиде өтіп жатқан "Grand Slam" турнирінде қола медальға қол жеткізді.

48 кг-ға дейінгі салмақта бақ сынайтын Галбадрах бірінші айналымнан босатылып, екінші  айналымда ресейлік Сабина Гилязованы жеңді. Алайда жартылай финалда екінші бір ресейлік дзюдошы Ирина Долгаваға есе жіберіп алды. Қола медальға таласта Ева Черновицкиді жеңді.

Жарыстың бірінші ерлер арасында жарыс жолына шыққан Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) пен Елдос Жұмаханов (66 келі) жүлделі орыннан көріне алмады. Қос спортшы да қола медаль үшін өткен белдесулерінде қарсыластарына жол беріп алды.

Бүгін ерлер арасында 73 және 81, әйелдер арасында 63 және 70 кг салмақ дәрежелерінде жарыс жеңімпаздары анықталады. Қазақстан құрамасы сапынан Назгуль Құбашева (63 кг), Зере Бектасқызы (70 кг), Бекәділ Шаймерденов (73 кг), Ерасыл Сәкенұлы (73 кг), Қажымұқан Өтеулиев (81 кг) жарыс жолына шығады.

Жарнама

Живи спортом!