Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Будапеште өтіп жатқан Әлем чемпионатын алғашқы айналымда аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
100 келіден жоғары салмақтағы отандасымыз әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ким Мин Джоннан жеңілді.
Ертең командалық бәсеке өтеді.
Жекелей сында әйелдер арасында Абиба Абужақынова ғана күміс жүлдеге қол жеткізді. Өзге дзюдошыларымыз жүлделі орынға іліге алмады.
Ерлер:
60 кг. Мағжан Шамшадин – 7 орын
60 кг. Шерзод Давлатов – 1/16 финал
66 кг. Ғұсман Қырғызбаев – 7 орын
73 кг. Есет Қуанов – 1/16 финал
81 кг. Абылайхан Жұбаназар – 1/8 финал
90 кг. Мейірлан Максим – 1/8 финал
100 кг. Нұрлыхан Шархан – 1/16 финал
100 кг. Марат Байқамұров – 1/8 финал
+100 кг. Ерасыл Қажыбаев – 1/32 финал
Әйелдер:
48 кг. Әбиба Әбужақынова – күміс
48кг. Ғалия Тынбаева – 1/32 финал
63 кг. Эсмигүл Күюлова – 1/32 финал.
Жарнама