Қытайдың Циндао қаласындағы Гран-при сериясындағы халықаралық дзюдо турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нәтижесінде қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Олимпиада ойындарынан кейін алғашқы жарысына қатысып жатқан Елдос Сметов бірінші кездесуін қытайлық дзюдошыға қарсы өткізеді.
Ерлер
60 келіге дейін
Елдос Сметов – Сунь Цзяхао (Қытай)
Талғат Орынбасар – Джошуа Катц (Аустралия) – Ксаверий Игнасяк (Польша) жұбының жеңімпазы
66 келіге дейін
Ғұсман Қырғызбаев – Турболд Тумурхуу (Моңғолия)
73 келіге дейін
Бақытжан Әбдірахманов – Антон Шухалиев (Испания)
Ерсұлтан Дүйсенхан – Нарек Варданян (Швеция)
81 келіге дейін
Абылайхан Жұбаназар – Арис Зарагкас (Грекия)
Әділет Алмат – Ратбек Жуманазаров (Қырғызстан)
90 келіге дейін
Айдар Арапов – Влад Висан (Румыния)
Даниил Крылов – Гоки Тадзима (Жапония)
100 келіге дейін
Асқар Біржанов – Рареш Арсение (Румыния)
Бақжан Байтас – Йосиф Симин (Израиль)
Әйелдер
48 келіге дейін
Әбиба Әбужақынова – Шафаг Хамидова (Әзербайжан)
57 келіге дейін
Бақыт Құсақбаева – Медине Оразныязова (Түрікменстан)
70 келіге дейін
Ажар Асхат – Аделина Новицки (Израиль)
Мөлдір Нарынова – Мун Сон Хи (Солтүстік Корея)
78 келіге дейін
Аруна Жангелдина – Барчиной Кодирова (Өзбекстан)
Екатерина Токарева – Корали Годбут (Канада)
78 келіден жоғары
Аида Тойшыбекова – Ирисхон Курбанбаева (Өзбекстан)
Назгүл Маратова – Цзя Бинцянь (Қытай)
Айта кетейік, Гран-при турнирі ертең, 26 маусымда басталады.
Жарнама