Қазақстан ұлттық құрамасының дзюдо бойынша бапкер-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің татамиге қашан оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz Sports24.kz cайтына сілтеме жасап.
«Әзірге оның қашан толық бабына келіп, ұлттық құрамаға қосылатынын нақты білмейміз. Оның қайта оралуын асыға күтіп отырмыз және бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Елдостың биыл татамиге қайта шығу мүмкіндігі бар. Барлығы сәтті болып, ештеңе кедергі келтірмесе деген үміттеміз», — деді Роберт Мшвидобадзе.
Еске сала кетейік, Елдос Сметов соңғы рет 2024 жылғы Париж Олимпиадасында татамиге шығып, тарихи алтын медаль жеңіп алған еді. Биыл наурыз айында оның ауруханаға түсіп, кейін операция жасалғаны белгілі болды. Бұған дейін спортшы 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Кейінгі уақытта әлеуметтік желіге жаттығу сәттерінен бейнероликтерді жиі жүктеп жүр.
Жарнама