Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы жеңісінен кейін сыйға алған көлігін сатады, деп хабарлайды Vesti.kz.
45 миллион теңгелік сыйлық
Әңгіме Mercedes-Benz AMG GLE көлігі туралы болып отыр. Олимпиада чемпионы аталған автокөлікті «шұғыл сатылады» деген белгімемен сатылымға шығарды.
Сметов көлікті 45 миллион теңгеге бағалаған.
Жарнама kolesa.kz сайтында жарияланған.
Дзюдошы әлеуметтік желідегі хабарламасына "сатылымға шықты, жұғысты болсын деп алушылар болса үлгеріңіздер" деп жазба қалдырған.
Сметов — Олимпиада чемпионы!
Елдос Сметов — дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған алғашқы қазақ. Ол Олимпиада ойындарындағы барлық дәрежедегі жүлдені жеңіп алған жалғыз қазақстандық дзюдошы:
Париж-2024 — алтын,
Рио-де-Жанейро-2016 — күміс,
Токио-2020 — қола.
Сонымен қатар, Сметов — 2014 жылғы Азия ойындарының, 2015 жылғы әлем чемпионы және 2016 жылғы Азия чемпионы.