Дзюдо
23 маусым 18:07
 

Елдос Сметов отасы жайлы және мансабына қатысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Елдос Сметов отасы жайлы және мансабына қатысты пікір білдірді ©

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Римде иығына ота жасатқаны жайлы жазған едік. Спортшы отасына қатысты жазба жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Римде иығына ота жасатқаны жайлы жазған едік. Спортшы отасына қатысты жазба жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

— Мені уайымдап, алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рахмет! Италияның Рим қаласында иығыма ота жасатқаным рас. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Өздеріңіз бұрыннан білесіздер Олимпиадаға дейін де иығымның жарақаты, ұсақ жарақаттарым жиі мазалайтын. Қазір денсаулығыма толық көңіл бөлгенді және толық ем қабылдағанды жөн көрдім, — дейді дзюдошы. 

Елдос татамиге қашан оралатыны жайлы айтты. 

— Алла жазса, 2-3 айдан кейін жаттығу, ал жарыстарға - келесі жылдың басында қосылуға ниеттімін. Карьерасын аяқтады деп сүйіншілегендерге де сәлем жолдаймын. Мен әлі сары нашивкамен татамиге шығып күресетін боламын?, - деп жазды Олимпиада чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!